Елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады

Опубликовано:

ауа райы
Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 5-7 мамырда елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның солтүстік аймақтарында әлі де болса көктемгі ауа райы сақталмайды.

Ал оңтүстікте керісінше күн жылы болады деп күтіліп отыр.

Бұл оңтүстік аймақтарға Өзбекстанның аумағынан келетін жылы ауа массаларына байланысты.

Ауа райын болжаушы мамандар Республиканың батыс аймақтарында жауын-шашын болуы мүмкін екенін жеткізді. Яғни аталған өңірлерде жаңбыр, найзағай, бұршақ, екпінді жел күтіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер мамыр айына арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967948-elimizde-aldagy-kunderi-aua-raiy-qandai-bolady/