Алматы облысының әкімшілік орталығы Талдықорғаннан Қонаевқа көшірілді

Опубликовано:

Қанат Бозымбаев
Фото: Алматы облысының әкімдігі

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімшілік орталығын Қонаев қаласына көшіру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

"Алматы облысының әкімшілік орталығы Талдықорған қаласынан Қонаев қаласына көшірілсін", - делінген құжат мәтітінде.

Қаулы "Қазақстан республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан республикасы заңының 9-бабына сәйкес дайындалған.

Алматы облысының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары, сондай-ақ орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерi мен ведомстволық бағынысты мекемелерi Қонаев қаласына көшірілгенге дейiн Талдықорған қаласында орналасады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен елімізде үш жаңа облыс құрылғанын жазған едік.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында жаңа екі аудан пайда болғанын хабарладық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967955-almaty-oblysynyn-akimsilik-ortalygy-taldyqorgannan-qonaevqa-kosirildi/