Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда жеңілдетілген автокредиттің қашан берілетіні белгілі болды

Опубликовано:

Автосалон
Көрнекі фото: pixabay.com

Ел тұрғындарына 4%-бен көлік сатып алуға мүмкіндік беретін бағдарлама келесі аптада басталады. Бұл ақпаратты үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевтің сөзінше, қазіргі уақытта утилизациялық алым бойынша оператор "Жасыл даму" акционерлік қоғамынан жеңілдетілген автокредитке қаржы бөлу жұмыстары жүріп жатыр.

"Жасыл даму" шотынан ақша аудару бойынша корпоративтік рәсімдер жүргізілуде. Бұл жұмыс аяқталған соң, ақша жіберіледі. Осы аптаның соңына дейін, мамырдың алтысына дейін бітіреміз", - деді Брекешев.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев тиісті қаражат осы жұма ішінде түссе, келесі аптада бағдарлама іске қосылатынын хабарлады.

"Аптаның аяғына дейін ақша түссе, келесі аптадан бастап бұл жұмыс басталады", - деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеңілдетілген автокредит бағдарламасының шарттарын бекіткен болатын.

Енді Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне қарайтын "Жасыл даму" акционерлік қоғамынан бағдарламаны қаржыландыруға ақша бөлінуге тиіс.

Бағдарламаның негізгі шарттары:

  • несие сомасы – 10 миллион теңге;
  • жылдық сыйақысы 4 пайыз;
  • мерзімі – 7 жыл.
  • Көлік бағасы кредит сомасынан жоғары болса, үстінен ақша қосуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967965-qazaqstanda-zenildetilgen-avtokredittin-naqty-qasan-beriletini-belgili-boldy/

pixel