Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көлігінің дөңгелегін ауыстырып жатқан": Алматы маңындағы жол апаты екі адамның өмірін жалмады

Опубликовано:

Жол апаты
Видеодан кадр: Желі

Алматы-Бішкек тас жолында үш көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды. Екі адам оқиға орнында қаза тапса, тағы екеуі ауруханаға жеткізілген. Бұған қатысты Алматы облысының полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап жатыр. Кадрдан жол бойында үш көліктің соқтығысқанын байқауға болады.

Сонымен қатар қаза тапқандардың үстіне ақ материалдың жабылғанын аңғару қиын емес.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, DAF FX, Toyota Camry 30 және "Газель" көліктерінің қатысуымен Жамбыл ауданындағы Тарғап ауылының маңында жол апаты болған.

"Алматы-Бішкек тас жолының 96-шақырымында Toyota Camry көлігінің 23 жастағы жүргізушісі алдында келе жатқан DAF FX жүк көлігін басып озу кезінде соқтығысқан. Одан әрі инерциямен шетел көлігі жол жиегінде тұрған "Газельді" ұрған. Бұл уақытта "Газель" жүргізушісі көлігінің дөңгелегін ауыстырып жатыпты.

33 жастағы "Газель" жүргізушісі мен оның 30 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Сондай-ақ Toyota Camry жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Тергеу Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі ("Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу") бойынша жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967973-koliginin-dongelegin-auystyryp-zatty-almaty-manynda-bolgan-zol-apaty-eki-adamnyn-omirin-zalmady/

pixel