Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр КҚК апаты салдарынан Қазақстанға қанша шығын келгенін айтты

Опубликовано:

Мұнай
Көрнекі фото: cpc.ru

Энергетика министрі Болат Ақшолақов үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Каспий құбыр желісі консорциумы апаты салдарынан Қазақстанға қанша шығын келгенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақшолақов қазіргі таңда Каспий құбыр желісі консорциумының жұмысы жанданғанын атап өтті.

"Апат болған кезеңде біз сәуір айы бойы басқа балама бағыттарды іске қосуға тырыстық. (...). Жалпы алғанда, 2 миллион тоннаға дейін шығын келуі мүмкін деп күтіп едік, бірақ үкімет пен өндіруші компанияның бірлескен жұмысының арқасында шығын көлемі 300-350 мың тонна шамасында. Бұл соншалықты үлкен көлем емес, оны біз жыл соңына дейін игеріп аламыз", - дейді министр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Энергетика министрлігі Каспий құбыр желісі консорциумы теңіз терминалындағы апаттан кейін мұнай экспорттаудың балама бағыттарын қарастырып жатқанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1967977-ministr-kqk-apaty-saldarynan-qazaqstan-qansa-sygyn-kelgenin-aitty/

pixel