Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі өзгеріссіз қалды

Опубликовано:

Фото
Фото: facebook.com/KudaibergenKairat

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі өзгеріссіз қалды. Бұл туралы NUR.KZ тілшісіне Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Аппеляциялық сот отырысы бүгін өткен.

Сотта Қайрат Құдайбергеннің қорғаушылары бұлтартпау шарасын бас бостандығынан айырумен байланысты емес, яғни кепіл немесе үйқамаққа өзгертуді сұраған.

Алайда судья Алматы тергеу сотының шешімін өзгеріссіз қалдырған.

"Бүгін Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қамауға алу санкциясын күшінде қалдырды, адвокаттардың жеке шағымдары қанағаттандырылмады.

Бұған дейін тергеу соты іс-әрекетті саралау туралы шешім қабылданғанға дейін 30 тәулікке қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берген болатын", - дейді қалалық соттың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы ақпарат 22 сәуірде пайда болған еді. Көп ұзамай Алматы прокуратурасы аталған мәліметті растады.

Кәсіпкер қаңтар айында жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырып, оған қатысты деген күдікке ілініп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968012-qairat-qudaibergendi-qamauda-ustau-merzimi-ozgerissiz-qaldy/

pixel