Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰБТ-2022: Білім гранттарын бөлу кезінде кімдерге квота қарастырылған

Опубликовано:

жоо1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Әділет Тойбаев ОКҚ өткен брифингте мемлекеттік білім гранттарын бөлу кезінде кімдерге квота қарастырылғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылымның мәліметінше, Тойбаев министрлікте квота бөлінетін негізгі 9 топ бар екенін атап өткен.

Оның ішінде:

  • көпбалалы отбасыларға – 5 пайыз;
  • толық емес отбасыларға – 1 пайыз;
  • бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға – 1 пайыз:
  • қандастарға – 4 пайыз;
  • жетім балаларға – 1 пайыз;
  • ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендерге – 0,5 пайыз;
  • ауыл жастарына – 30 пайыз;
  • "Серпін" бағдарламасына – 10 пайыз;
  • мүгедек балаларға – 1 пайыз квота қарастырылған.

"Бұл квоталар бойынша ешқандай өзгеріс жоқ. Әдеттегідей осы топтардан шыққан балаларға осы квота аясында гранттар беріледі", - дейді Әділет Тойбаев.

Айта кетейік, биыл елімізде ҰБТ 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл қосымша 15 мың грант бөлінгенін хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968034-ubt-2022-bilim-granttaryn-bolu-kezinde-kimderge-kvota-qarastyrylgan/

pixel