Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда әйеліне 28 рет пышақ жарақатын салған ер адамға сот үкімі шықты

Опубликовано:

Пышақ
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Павлодарда әйелін өлтірді деп айыпталған ер адамға сот үкімі шықты. Ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Басылымның мәліметінше, облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кісі өлтіру фактісі (Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы) бойынша қылмыстық істі қараған.

Іс материалына сүйенсек, 2021 жылғы шілдеде сотталушы пәтерде ажырасуға байланысты жанжал кезінде әйелін аса қатыгездікпен өлтірген. Денесінің әр түрлі бөліктеріне асүй пышағымен 28 пышақ жарақатын салған.

Жәбірленуші қылмыс орнында жан тапсырған.

Соттың баспасөз қызметі мұндай қылмыс үшін 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын жеткізді.

Дегенмен үкім шығару барысында сот асырауында кәмелетке толмаған баласының болуы, кінәні ішінара мойындауы сынды жағдайларды ескеріп, ер адамды 15 жылға бас бостандығынан айырған.

Енді ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтейді.

Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалармен және сотта зерттелген басқа дәлелдермен дәлелденген.

Сондай-ақ жәбірленушілердің талап-арыздары толық көлемде қанағаттандырылған.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968036-pavlodarda-aieline-28-ret-pysaq-zaraqatyn-salgan-er-adamga-sot-ukimi-syqty/

pixel