Найзағай, дауыл, тұман: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Дауыл
Көрнекі фото: Pexels

"Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, 5 мамырда Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғып, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

5 мамырда Түркістан облысының оңтүстігінде және тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнап, дауыл соғуы ықтимал. Одан бөлек батыстан жел соғып, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Шымкент қаласында да 5 мамырда найзағай ойнап, дауыл соғады деп күтілуде. Сондай-ақ батыстан жел соғып, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

5 мамырда Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұруы мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

5 мамырда түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968040-naizagai-dauyl-tuman-elimizdin-birnese-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/