Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖД қызметкерлері шымкенттік тұрғындарды жыланнан сақ болуға шақырды (видео)

Опубликовано:

жылан
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте бірнеше тұрғын үйге және балабақшаға жылан кіріп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, құтқарушылар демалыс және мереке күндері бірнеше рет жылан аулауға шақырылған.

Атап айтқанда, Азат, Тассай, Еламан мен Нұртас шағын аудандарындағы, Лихачева өткелі, Әлімбетов, Мұңайтпасов пен Көкжелік көшелеріндегі, 190 орам мен 13, 10/46 учаскедегі үйлерден хабар келіп түскен.

Құтқарушылар арнайы құралмен барлық жыланды кауіпсіз жерге шығарып тастаған.

Осы орайда төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындарды мамырдың аяғына дейін сақ болуға шақырды.

"Сәуірдің ортасынан мамыр айының соңына дейін жыландарда жұптасу процесі жүреді. Осы кезеңде олар қауіпті әрі өте агрессивті болады. Сондықтан жылан көрсеңіз, одан 1,5 - 2 метрге алшақ жүріңіз. Ал жылан шағып алса, жатып, барынша аз қимылдау керек", - дейді құтқарушылар.

Сондай-ақ мамандар егер жылан шағып алса, уды өз бетінше алып тастауға тырыспаған жөн екенін айтты.

Тіпті жылан шаққан жерді байлауға да болмайтынын еске салды. Ондай әрекет керісінше, кері әсерін тигізуі мүмкін. Бастысы шұғыл түрде дәрігерлерге жүгінген абзал дейді құтқарушылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968044-tzd-qyzmetkerleri-symkenttik-turgyndardy-zylannan-saq-boluga-saqyrdy-video/

pixel