Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлан Қарин Қазақстандағы конституциялық реформаға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Ата заң
Фото: gov.kz

Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин өзінің Telegram-каналында еліміздегі конституциялық реформаға қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, конституциялық реформа билік тармақтарының арасындағы теңгерімді оңтайландырып, халықтың мемлекетті басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.

"Бүгін конституциялық кеңес ел конституциясына түзетулер енгізу жобасын жақтайтын қорытынды шығарды. Бұл конституциялық реформаны іске асырудың ең маңызды, ел мен ұлт болашағында мәні зор кезеңдерінің бірі. Конституциялық реформа билік тармақтарының арасындағы теңгерімді оңтайландырып, халықтың мемлекетті басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтеді және азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуын күшейтеді.

Сондай-ақ жұмыс тобының кейбір мүшелерінің пікірін ескере отырып, Конституциялық Кеңеске тұңғыш президенттің мәртебесіне қатысы бар норманы алып тастау туралы қосымша өтінім жолданды. Жұмыс тобы мүшелерінің пікірі бойынша, тұңғыш президенттің тарихи рөлі жалпыға мәлім және оны Конституцияда жекелеп бекіту қажет етпейді", - деп жазды ол.

Мемлекетік хатшының жазбасына қарағанда, Конституциялық Кеңестің енгізілетін түзетулер жобасына қарсылығы жоқ.

"Конституциялық Кеңес түзетулердің бүкіл тармақтары Конституцияға сай деген қорытынды берді. Конституциялық норма тұтастай мемлекеттік-саяси модельді трансформациялауға бағытталған және қоғам игілігі үшін жүргізіліп жатыр", - деп толықтырды Ерлан Қарин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968052-erlan-qarin-qazaqstandagy-konstituciyalyq-reformaga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel