Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жанармай құйылған автоцистерна өртенді (видео)

Опубликовано:

Автоцистерна өртенді
Оқиға орны. Фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметі

Алматыда жанар-жағармай құйылған автоцистерна отқа оранды. Төтенше жағдай Жетісу ауданында орын алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық ТЖ департаментіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бүгін кешкі сағат 20:20 шамасында Жетісу ауданына қарасты Ангарская көшесі 97 А мекенжайындағы өрт туралы хабарлама түскен.

"Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жоғары рангі бойынша өрт сөндіру жұмыстарына жұмылдырылды. Жетісу ауданында жанар – жағармай құйылған автоцистерна отқа оранды. Өрттің жақын орналасқан вагон типті цистерналарға, резервуарға таралу қауіпі бар",- деп хабарлады ведомствадан.

Оқиға орнында жеке құрам қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жұмыс істеп жатыр. Жедел штаб құрылып, көрші резервуарларды салқындатуға өрт оқпандары берілді.

Өртті сөндіруге 28 техника мен жеке құрамның 80 адамы жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968053-almatyda-zanarmai-quiylgan-avtocisterna-ortendi-video/

pixel