Алматы полициясы екі адам төбелесіп жатқан видеоға қатысты түсініктеме берді

Опубликовано:

Төбелес
Видеодан кадр: Telegram-канал Kris_p_almaty | Kazpress.kz

Әлеуметтік желіде екі көлік жүргізушісінің төбелесіп жатқаны бейнеленген видео тарады. Бұған қатысты Алматы қалалық полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Kris_p_almaty | Kazpress.kz Telegram-каналында жарияланды.

Видео авторының айтуынша, бұл жайт Алматыдағы мектептердің бірінің ауласында болған.

"Жүргізуші жол бергісі келмей, қарсы бағытқа шығып кеткен. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Желідегі видео полиция қызметкерлерінің де назарына іліккен.

Алматы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың мәліметінше, жанжал 3 мамыр күні оңтүстік астананың Бостандық ауданында болған.

"Жанжалға қатысушылар анықталды, олар 1982 және 1983 жылы туған азаматтар. Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне құқық бұзушылардың іс-әрекетіне баға беру үшін тез арада қажетті дәлелдемелерді жинау туралы тапсырма берілді", - деп жазды Әбдірахманов Instagram парақшасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда жанар-жағармай құйылған автоцистерна отқа оранғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968112-almaty-policiyasy-eki-adam-tobelesip-zatqan-videoga-qatysty-tusinikteme-berdi/