Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мусин: "Илон Масктің интернеті" Қазақстан нарығына келер жылы келеді

Опубликовано:

Бағдат Мусин
Фото: Facebook/Багдат Мусин

2023 жылы OneWeb, SpaceX, SES сынды компаниялар Қазақстан нарығына спутниктік интернет әкелуге мүмкіндік алады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді. Министрдің айтуынша, ол үшін әуелі Салық кодексіне тиісті өзгеріс енгізу қажет, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

"Мұны біз төмен орбиталы спутник топтары деп атаймыз. Осы технологияға қаржы құйып отырған бірнеше компания бар. Соның бірі – OneWeb компаниясы. Бұл ұйыммен пилоттық жобаны пысықтап жатырмыз.

Бұл мәселеде біз монополиядан аулақ болғымыз келеді. Яғни, Қазақстанның нарығын бірнеше операторға ашамыз. Қазір неге инфрақұрылымын салмайды дегенге келсек, қызметтің мұндай түрі үшін салық мөлшерлемесі өте жоғары.

Өйткені бұрынғы жылдары Салық кодексінде радиожиіліктердің салық мөлшерлемесін бекіту кезінде мұндай технологиялардың келетіні ескерілмеген болатын. Сондықтан, норманы депутаттар қолдаса, биыл оны қабылдаймыз", - деді Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968163-musin-ilon-masktin-interneti-qazaqstan-narygyna-keler-zyly-keledi/

pixel