Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында қарсыласының бетіне түкірген ер адам 3 жерінен пышақ жарақатын алды

Опубликовано:

Пышақ ұстаған жігіт
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Павлодар облысында жанжал кезінде қарсыластарының біріне түкірген ер адам 3 жерден пышақ жарақатын алды. Оқиға 2021 жылғы қаңтар айында болды. Адам өлтіруге оқталды деген күдікпен екі адам ұсталған. Бүгін оларға сот үкімі шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотының үкіміне сілтеме жасап.

Іс материалдарына сүйенсек, жанжал үш ер адамның арасында Алғабас ауылында туындаған. Олардың бірі екіншісіне түкіріп, 3 пышақ жарақатын алған.

Жәбірленуші ауруханаға түскен. Полиция қызметкерлері адам өлтіруге оқталды деген күдікпен екі адамды ұстады.

Сот отырысында қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралды. Олар айыпталушылардың адам өлтіретін ойы болмаған деген қорытындыға келген.

Күдіктілердің іс-әрекеті денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ретінде қайта сараланған.

Сот үкімімен екеуіне де 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілген.

"Осы бапта көзделген жаза бас бостандығынан айыру түрінде ғана тағайындалуы мүмкін. Сот жазаны жеңілдететін мән-жайларды (кішкентай балалардың болуы) ескере отырып, 8 емес, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - деді Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотының судьясы Қадырбек Сатабаев.

Сонымен қатар сотталушылар жәбірленушіге моральдық шығын ретінде 2 млн теңге төлеуге міндеттелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968203-pavlodar-oblysynda-qarsylasynyn-betine-tukirgen-er-adam-3-zerinen-pysaq-zaraqatyn-aldy/

pixel