Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде оқушы қыз анасын өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

Опубликовано:

Кісен
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе қаласында мектеп оқушысы тергеу изоляторында отыр. 16 жастағы жасөспірімге туған анасын өлтірді деген айып тағылды. Екінші күдікті - оқушының 19 жастағы студент досы, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты күдіктілердің ұсталғанын және қамауға алынғанын хабарлады. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

"Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 99 - бабы, яғни "Адам өлімі" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті екеу, бірі- марқұмның 16 жастағы қызы, екіншісі - 19 жастағы танысы. Екеуі де уақытша изоляторға қамалды. Өзге мәліметтер жариялауға жатпайды", - деп хабарлады облыстық ПД.

Келеңсіз оқиға мектеп ұжымын да шошытып тастаған. Айтуларынша, күдікке ілінген оқушы қыз толық емес отбасында тәрбиеленген. Анасының вахталық әдіспен сауыншы болып жұмыс істегені айтылады. Қыз бала бәйәдеп әрекеттермен көзге түспеген.

Бірақ анасы тарапынан бірнеше рет баланың қараусыз қалу жағдайы болып, соған байланысты кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия отырысына анасын бірнеше рет шақыртып, ескерту берілгені айтылды.

"Бала салмақты, артық іс-әрекеттері бұған дейін байқалмаған. Ішкі істер органдарының есебінде болмаған, тек қана жасөспірімдердің сағат 23-00-ге дейін жүруге рұқсаты болса, ол сол режимді бұзғаны үшін бірнеше рет ескерту алған. Қасында жолдас баласы болған.

Ол кәмелеттік жасқа толған бала. Қаладағы колледждердің бірінің студенті. Қазір қайсысы кінәлі екені нақты анықталған жоқ. Қыз бала 16-да, кешкі мектепте оқиды", - дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968213-aqtobede-oqusy-qyz-anasyn-oltirdi-degen-kudikpen-qamauga-alyndy/

pixel