Алматы облысында блогер мекеме басшысына жала жапқаны үшін тұтқындалды

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы облысында 39 жастағы блогер әлеуметтік желіде медициналық мекеме басшысына жалған жала жапқаны үшін 20 тәулікке қамалды. Аталған факті Еңбекшіқазақ ауданында тіркелген, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Полицейлер Еңбекшіқазақ ауданында 39 жастағы блогерді ұстады. Ол әлеуметтік желіде Шелек ауылындағы аурухана мен аурухана басшыларының біріне қатысты жалған ақпарат таратты деген күдікке ілінді.

Жазбада медицина қызметкері жергілікті тұрғынды ақшалай сыйақыға жұмысқа тұрғызғаны айтылады. Аталған ақпарат желіде қызу талқыға түсті. Дәрігер ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау арызымен құқыққорғау және сот органдарына жүгінді.

Осылайша, ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігі (Жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне немесе оның беделіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату) бойынша материал жиналды. Іс 4 мамырда қаралды.

Нәтижесінде блогер 20 тәулікке қамау түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968214-almaty-oblysynda-bloger-zalgan-zala-zapqany-usin-tutqyndaldy/