Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елде мұнай-газ саласында демонополизациялаудың жаңа шаралары іске асырылмақ

Опубликовано:

Жанармай
Көрнекі фото: Pixabay.com

Премьер-министр Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Онда "Атамекен" ҰКП-ның мұнай өңдеу саласын реформалау жөніндегі ұсыныстары қаралды, деп хабарлайды премьер-министр сайты.

Энергетика министрі Болат Ақшолақов шағын мұнай өңдеу зауыттары шығаратын өнімнің сапасын арттыру үшін оларды техникалық реттеу талаптарын күшейтуді ұсынды. 

Сондай-ақ ЕАЭО техникалық регламентіне сәйкес келмейтін мұнай өнімдерін шығаратын шағын МӨЗ-дерге салықтық және кедендік жеңілдіктерді алып тастау ұсынылды.

Мұнай өңдеу зауыттарынан ЖЖМ жөнелту кезінде теміржол қызметтерін көрсету тұрғысынан бағаның негізсіз өсуін және жекелеген компаниялардың бәсекесіз қызметін болдырмау үшін тарифтерді төмендету де айтылды.

Сонымен қатар премьер-министр Энергетика министрлігіне субъектілердің шектеулі тобына жеңілдіктер ұсынбау (тегін сақтау) үшін нарықтың барлық қатысушысына МӨЗ-де мұнай өнімдерін сақтаудың бірыңғай регламентін әзірлеуді тапсырды.

Мұнай өңдеу зауыттарында негізсіз өндірістік шығындарды болдырмау мақсатында олардың бақылау және қауіпсіздік жүйелеріне аудит жүргізу тапсырылды.

"Бұл бағытта бүкіл технологиялық процесті қамти отырып, бақылаудың цифрлық технологияларын енгізу қажет", — деді Әлихан Смайылов.

Жалпы, үкімет басшысы айтылған ұсыныстарды қолдап, кейбіреуіне түзетулер енгізуді және оларды іске асыру мәселелерін пысықтауды тапсырды.

Отырыс барысында сұйытылған газ нарығын, атап айтқанда, оның өнімін өнеркәсіптік қайта өңдеушілерге сату, сондай-ақ тасымалдау және сақтау бойынша демонополизациялау шаралары қаралды.

Премьер-министр уәкілетті мемлекеттік органдарға бағалық сөз байласуға әкелетін жағдайларды анықтау жұмыстарын жүргізуді және осы салаға қажетті нарық тетіктері бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968216-elde-munai-gaz-salasynda-demonopolizaciyalaudyn-zana-saralary-iske-asyrylmaq/

pixel