Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұршақ, найзағай, аяз: Еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

жаңбыр 123
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

"Қазгидромет" РМК ресми сайтында 6 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, бүгін бірнеше өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

6 мамырда Маңғыстау облысының басым бөлігінде жаңбыр, солтүстігінде, батысында, орталығында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында екпіні 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін.

6 мамырда Батыс Қазақстан облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде ауа температурасы 3 градус аязға дейін төмендейді.

6-8 мамыр аралығында Қостанай облысында ауа температурасы түнде 5-10 градус жылыдан 1-6 градус аязға дейін төмендеуі ықтимал.

Күндіз 6 мамырда Ақтөбе облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде облысының солтүстігінде 1 градус аяз болады деп болжануда.

Нұр-Сұлтан қаласында 6 мамырда күннің екінші жартысында найзағай ойнауы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

6 мамырда Атырау облысында қатты жаңбыр, найзағай болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 17-22 м/с жетеді.

6 мамырда күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, дауыл болуы мүмкін. Шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с жетеді.

6 мамырда Ақмола облысының солтүстік-батысында, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетсе, облыстың солтүстігінде және шығысында екпіні 25 м/с жетеді деп болжануда.

6 мамырда Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

6 мамырда Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, орталығында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

6 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с жетсе, күндіз екпіні 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968268-bursaq-naizagai-ayaz-elimizdin-birqatar-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalandy/

pixel