Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау-Жаңаөзен тасжолында сел жүрді (видео)

Опубликовано:

Сел
Видеодан кадр: Lada.kz

Кеше, 5 мамырда Маңғыстау облысында сел жүрді. Лай су Ақтау мен Жаңаөзенді байланыстыратын тасжолды шайып кеткен. Әлеуметтік желі қолданушылары оқиға орнында түсірілген кадрларды жариялап жатыр.

Lada.kz басылымының жазуынша, қатты жауын салдарынан жүріп өткен сел Қарақиян ауданында болған. Табиғи құбылыстың куәсі болған көлік жүргізушілері бірнеше видео түсірген.

Айта кетсек, бүгін Маңғыстау облысы мен Ақтауда найзағай ойнап, қатты жаңбыр жаууына байланысты дауылдық ескерту жарияланды.

Осы орайда, өңірлік Төтенше жағдайлар департаментінің InAktau басылымына хабарлауынша, қазір сел шайып кеткен жол учаскесінде жұмыс жүргізіліп жатыр.

"Оқиға "Ақтау-Жетібай республикалық маңызы бар автожол учаскесінде болды. Қазіргі уақытта оқиға орнында үш арнайы техника (жүк тиегіш, жүкті өзі түсіретін техника мен экскаватор) және "Қазақавтожол" ЖШС филиалының жауапты тұлғалары Мұнайлы ауданының жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

Аталған учаскедегі жағдай бақылауда. Жолдың қирау қаупі жоқ. Көлік қозғалысы тоқтатылған жоқ", - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, сәуір айының соңында Ақтау жұрты жаңбыр жаууын тілеп, тасаттық берген еді.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968270-aqtau-zanaozen-taszolynda-sel-zurdi-video/

pixel