"Белавиа" Алматы мен Минск арасындағы рейстерді тоқтатты

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Минск пен Алматы арасында қатынайтын "Белавиа" әуе компаниясының рейстері 2022 жылғы 5 мамырдан бастап тоқтады. Бұл бағыт бойынша әуе қатынасы қашан жанданатыны әзірге белгісіз, деп хабарлайды әуе компаниясы ресми сайтында.

Қазақстанның әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығы Беларусьтің "Белавия" компаниясына Минск-Алматы-Минск бағыты бойынша рейстерді орындау мүмкін еместігі туралы хабарлаған.

Осы себепті 5 мамырдан бастап келесі қаулыға дейін бұл бағыттағы барлық рейс тоқтатылды.

Дегенмен Минсктен Нұр-Сұлтанға тұрақты рейстер аптасына 4 рет кесте бойынша орындалатын болады.

"Әуе компаниясы өзіне байланысты емес себептерден туындаған қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұрайды және тоқтатылған Минск-Алматы-Минск рейсінің жолаушыларына ыңғайсыздық деңгейін төмендетуге бар күшін салады", - делінген хабарламада.

Жолаушылар:

  • билеттің жарамдылық мерзімі ішінде билетті қайтара алады және барлық соманы шегерімсіз қайтара алады;
  • рейстерді қалпына келтірген жағдайда билеттің жарамдылық мерзімі ішінде маршрутты өзгертпей және қосымша алымдарды қолданбай бір рет айырбастай алады;
  • билеттің жарамдылық мерімі ішінде қайта рәсімдеу үшін баға мен алымдардағы айырмашылықты қосымша төлеп, әуе компаниясының кез келген тұрақты рейсіне бағытты өзгерте отырып, билетті бір рет айырбастай алады.

Билеттерді қайтару немесе қайта рәсімдеу туралы толығырақ мәліметті әуе компаниясының сайтынан білуге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968288-belavia-almaty-men-minsk-arasyndagy-reisterdi-toqtatty/