Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында ерлі-зайыпты егіз баласымен өртте қаза тапты: Оқиға туралы көршілері айтып берді

Опубликовано:

Қызыл жалын болған үй
Видеодан кадр: КТК телеарнасы

Көкшетау іргесіндегі Красный яр кентінде екі қабатты үй өртеніп, бір отбасы көз жұмды. Жергілікті тұрғындар қызыл жалынның ортасында қалған жанұяға көмектесуге тырысқанымен үлгермегенін айтады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Ұйықтап жатқанбыз, есікті көрші әйел қатты ұрғылады. "Көмектесіңдер" деп айғайлады, атып шықтық, пәтердің іші жанып жатыр екен. Көршілер у-шу болып терезені сындырдық. Бәрі тез болды. Үлгермедік", - дейді марқұмдардың көршісі Ирина Шермер.

Телеарнаның мәліметінше, өрт түн ортасында тұтанған. Тілсіз жау әбден күш алған кезде әжелері оянып, өзгелерін оятпақ болыпты. Тіпті жеті жасар немересін алып сыртқа ұмтылған. Бірақ есіктен шыға алмай, сыртқа терезеден шығуына тура келген.

Ал төр бөлмеде жатқан 30 жастағы баласы мен келіні және төрт жастағы егіз балалары шығып үлгермеген. Көршілері көмекке ұмтылғанмен, үйдің ішіндегі өрттің беті қатты болған.

Кентте орналасқан өрт сөндірушілер де хабар алысымен оқиға орнына жеткен. Бірақ олар марқұмдардың күйген денесін алып шығыпты. Төртеуі кереуеттен тұрып қана үлгерген екен.

Болжам бойынша өрттің шығуына электр желілерінің тұйықталуы себеп болған. Марқұмның туыстары осы үйде бір күн бұрын электр құрылғыларынан ақау шығып, мамандар жөндеу жүргізгенін айтады.

Манарбек Шапағатов, Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары: -

"Қазір өрт-техникалық сараптама істеп жатыр. Негізі өрт іште болған. Түн ортасында болған оқиғаны ешкім байқамай, үй иелері де қатты ұйқыда болған.

Оның үстіне қазіргі төбе жабындылары, пластикалық тақтайшалар жанғанда улы зат бөлінеді. Марқұмдар бірден тұншығып кетуі мүмкін. Енді оны сот медициналық сараптама анықтайды", - деді Ақмола облысы ТЖД бастығының орынбасары Манарбек Шапағатов.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968295-aqmola-oblysynda-erli-zaiypty-egiz-balasymen-ortte-qaza-tapty-oqiga-turaly-korsileri-aityp-berdi/

pixel