Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алаяқ жігіт интернеттегі бейтаныс адамдардың ЖСН-і арқылы 100-ге жуық несие рәсімдеген

Опубликовано:

Ғаламтор алаяқ1
Көрнекі фото: pxhere.com

Қарағандыда қазақстандықтардың атынан интернеттен тапқан ЖСН арқылы 100-ге жуық несие рәсімдеген жас жігіт ұсталды, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, күдікті IT технологияларды жақсы меңгерген Түркістан облысының жұмыссыз тұрғыны болып шыққан.

Қазіргі уақытта келтірілген шығын сомасы анықталуда. Құқық қорғау органдарына 100-ге жуық адам шағымданған, алайда олардың саны әлдеқайда көп болуы мүмкін.

Ер адам интернеттен адамдардың ЖСН-ін алып, онлайн несие рәсімдеп, ақшаны өзінің шоттарына аударып отырған. Алаяқтық жасағаны үшін оның мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Ол ашық деректерден адамдар туралы мәлімет тауып отырған. Мәселен, ЖСН-і ашық көрсетілетін салық төлеушілер кабинеттері бар. Сондай-ақ кредитті таныстарына, таксистерге рәсімдеген. Ақша түскен соң шоттан шешіп алған. Қазақстан бойынша зардап шеккендер бар", - деді Қарағанды облысы ПД криминалдық полиция киберқылмыспен күрес бойынша бөлімнің басшысы Мади Бағдат.

Авторы: М. Иневатова

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968323-alayaq-zigit-internettegi-ozge-bireulerdin-zsn-deri-arqyly-100-ge-zuyq-nesie-rasimdegen/

pixel