Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстанда алаяқтық үшін іздестіріліп жатқан әйел Ақтөбеде ұсталды

Опубликовано:

Кісен салу
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақтөбеде алаяқтық үшін өз отанында іздеуде жүрген 35 жастағы Өзбекстан азаматшасы ұсталды. Қазір қазақстандық полицейлер оны шетелдік әріптестеріне беруге дайындалып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алаяқтық үшін іздеуде жүрген 35 жастағы Өзбекстан азаматшасы Ақтөбеде жасырынған.

"Әйел Ақтөбедегі жеке үйлердің бірінде Өзбекстан Республикасының әділет органдарынан жасырынып жүрген жерінде ұсталды. Өзбекстанның полиция қызметкерлері оған алаяқтық үшін іздеу салған", - деді Ақтөбе облыстық полиция департаментінен.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында және ол өзбекстандық тәртіп сақшыларына беріледі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ресейде қылмыс жасаған 36 жастағы қазақстандықтың Көкшетауда ұсталғанын жазған едік.

Одан бөлек тонауға қатысы бар деген күдікке ілінген павлодарлық азамат Германияда ұсталған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968334-ozbekstanda-alayaqtyq-usin-izdestirilip-zatqan-aiel-aqtobede-ustaldy/

pixel