Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында 1,5 миллион теңге алимент төлемеген әке сотталды

Опубликовано:

Сот балғасы
Көрнекі фото: piqsels.com

Павлодар облысында 1,5 миллион теңге алимент төлемеген әке сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, Тереңкөл ауданының тұрғыны 2019 жылдан бастап алименттік міндеттемелерін орындамаған.

Ол берешекті өтеуге және оларды ай сайын төлеуге бағытталған бір де бір шара қабылдамаған.

Сонымен қатар жұмысқа да орналысқысы келмегені белгілі болды.

Ер адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК, яғни 14 585 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылған.

Алайда содан кейін де кәмелетке толмаған қызын асырауға алимент берешегін өтеу үшін тиісті шаралар қолданбаған.

Осылайша, биылғы жылдың басында жалпы қарызы 1,5 млн теңгеге жеткен.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Сот шешімімен оған жазаны өтеудің бүкіл мерзімі ішінде 100 сағат мерзімге мәжбүрлі еңбекке тартыла отырып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968350-pavlodar-oblysynda-15-million-tenge-aliment-tolemegen-ake-sottaldy/

pixel