Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында полицей өрт шыққан пәтерден тұрғындарды құтқарып қалды (фото)

Опубликовано:

Өртенген үй
Оқиға орны. Фото: Polisia.kz

Ақтөбе облысында полицей өрт шыққан пәтерден тұрғындарды құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгілі болғандай 4 мамыр күні сағат 19:50 шамасында Мұғалжар аудандық полиция бөлімінің "102" арнасына белгісіз біреуден қаладағы үйлердің бірінен өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері мен Мұғалжар аудандық полиция басқармасының шұғыл тергеу тобы, әкімшілік полиция бөлімшесінің инспекторы Алмат Бақыткерей барған.

Олар бірден адамдарды өрттен құтқару жұмысына кірісіп кеткен.

Құтқару жұмыстары кезінде Алмат Бақыткерей өз өмірін қатерге тігіп, көпқабатты үйдің үшінші және төртінші қабатындағы пәтерде қалып қойған азаматтар мен сәбилерді құтқарған.

Ол баспалдақтың көмегімен сәбилерді балкон арқылы түсіріп, қауіпсіз жерге апарған.

"Негізі сол күні мен бөлім бойынша (полиция-ред.) тексеруші ретінде жұмысқа шыққанмын. Өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскенде бірден шұғыл тергеу тобының қызметкерлерімен бірге оқиға орнына жеттім. Өрт жалынын көрген сәтте ойланатындай уақыт болған жоқ. Бар ойым тек іште қалған балаларды құтқару болды. Зардап шеккендер жоқ. Барлығы 50 адам эвакуацияланды", - дейді Алмат Бақыткерей.

Алмат Бақыткерей
Алмат Бақыткерей. Фото: Polisia.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968396-aqtobe-oblysynda-policei-ort-syqqan-paterden-turgyndardy-qutqaryp-qaldy-foto/

pixel