Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір жылда жылжымайтын мүлік қанша пайызға қымбаттады

Опубликовано:

Баспана
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда өткен жылмен салыстырғанда пәтерлерді қайта сату бағасы 27,7 пайызға ал жаңа тұрғын үйлерді сату бағасы 20,3 пайызға өскен. Мұндай мәліметті Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы ресми сайтында жариялады.

Мекеме дерегіне сүйенсек, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу бағасы былтырғы жылдың сәуір айымен салыстырғанда 22,2 пайызға өскен.

Осы ретте Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы қатарынан бесінші жыл өсіп жатқанын атап өтті. Баспана құны тек 2016 жылы төмендеген.

Мәселен, алты жыл бұрын жаңа тұрғын үй нарықта 3,6 пайызға, 2017 жылы қайталама нарықта шаршы метр бағасы 1,6 пайызға арзандаған.

Ал биылғы жылдың сәуір айында наурызбен салыстырғанда пәтерлерді қайта сату бағасы бір айдың ішінде 1,8 пайызға өсіп, шаршы метріне 459 137 теңгені құраған.

Жаңа тұрғын үйді сату және абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу құны наурызбен салыстырғанда сәуірде 0,8% пайызға өскен. Яғни жаңа тұрғын үйді сату шаршы метріне 412 315 теңгені, ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу 3 561 теңгені құраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968405-elimizde-bir-zylda-zylzymaityn-mulik-qansa-paiyzga-qymbattady/

pixel