Елордада бірқатар көше уақытша жабылады

Опубликовано:

Елордада жол жабылады
Көрнекі сурет: pixabay.com

Жеңіл атлетика эстафетасын өткізу кезінде елорданың бірқатар көшеcі жабылады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

7 мамырда Нұр-Сұлтанда Отан қорғаушылар күніне және Жеңіс күніне орай жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері арасында жеңіл атлетика бойынша эстафета өтеді.

Эстафетаны өткізуге байланысты Жеңіс даңғылы мен Бигелдинов көшесінің қиылысы (Қаржы министрлігі), Әлия Молдағұлова көшесі, Бейбітшілік көшесі мен Отырар көшесіне дейінгі жол сағат 10.30-дан 12.00-ге дейін жабылады.

Жабылған көшелер кезең-кезеңмен ашылатын болады.

Әкімдік елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс туындамауы үшін өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды және уақытша ыңғайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968436-elordada-birqatar-kose-uaqytsa-zabylady/