Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 70 шақырым жаңа жол салынады: Қаланың қай көшелері жөнделетіні белгілі болды

Опубликовано:

Алматыда жол жөндеу маусымы басталды
Фото: almaty.tv

Алматыда жол жөндеу маусымы басталды. 224 көшеде жол жабынына орташа жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Жөнделетін жолдың ұзындығы 200 шақырым, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл Қайрат, Әлмерек, Алғабас, Ақжар және Шаңырақ-1 ықшамауданында 70 шақырым жаңа жол салу жоспарланып отыр.

Аудандық маңызы бар көшелерде жол жөндеуге дайындық жүргізіліп жатыр. 6 көшеде – Абай даңғылы, Ақсай-2 ықшамауданындағы Алданов, Ақтөбе, Семятов көшелерінде, Айриха көшесінде (ұзындығы 5,9 шақырым) жөндеу жұмысы басталды.

Одан бөлек Әл-Фараби даңғылын жөндеудің орнына Шаңырақ-1, Ақбұлақ және Тастыбұлақ ықшамауданындағы көшелер жөнделетін болады.

ШААЖ, Саин, Рысқұлов, Райымбек, Сейфуллин даңғылы және басқа да магистралды көшелерді жөндеу оқу жылы аяқталғаннан кейін басталады деп жоспарланып отыр.

Жолдарды жөндеу осы жылдың 30 тамызына дейін аяқталады.

Сонымен қатар, қаланың көше-жол желісінде жөндеу жүргізіліп жатыр. Жол жөндеуге 12 бригада, арнайы техниканың 28 бірлігі, 96 қызметкер жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968439-almatyda-70-saqyrym-zana-zol-salynady-qalanyn-qai-koseleri-zondeletini-belgili-boldy/

pixel