Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда туысына ренжіген ер адам металл контейнерді ұрлап кеткен

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: Polisia.kz

Нұр-Сұлтанда туысына ренжіген ер адам металл контейнерді ұрлап кеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияға қала тұрғыны арызданып, 40 тонналық контейнердің ұрланғаны туралы хабарлаған. Жәбірленушінің сөзінше, контейнерде құрылыс материалдары болған және келтірілген шығын көлемі 2 млн теңгеден астам соманы құраған.

​Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер ұстаған жәбірленушінің 44 жастағы күйеу баласы ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Күдікті ұзақ уақыт бойы қайын атасының құрылыс алаңында жұмыс істегенін айтты. Алайда туысы жұмыс ақысын төлемеген соң, рұқсатсыз контейнерді алып кету туралы шешім қабылдаған. Контейнерді шығару үшін ер адам кран жалдаған.  Жарнамалық сайт арқылы контейнерді Ақмола облысының тұрғынына 600 мың теңгеге сатып жіберген. Полицейлер контейнерді алып, иесіне қайтарды.

​Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, күдікті өз кінәсін мойындады.

Полиция департаменті қала тұрғындарына үйлерді бейнебақылау камераларымен жабдықтауды, есіктерді берік құлыптармен нығайтуды және күзет дабыл жүйесімен жабдықтауды ұсынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968478-nur-sultanda-tuysyna-renzigen-er-adam-metall-konteinerdi-urlap-ketken/

pixel