Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тауда өсімдікпен қоректенген: Алматы облысында жоғалып кеткен ер адам бес күннен соң табылды

Опубликовано:

Алматы облысы
Видеодан кадр: Алматы облысының полиция департаменті

Жоғалып кеткен Текелі тұрғыны бес күннен кейін аман есен табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ер адам 1 мамырда жоғалып кеткен. Оның әйелі бірнеше күннен кейін ғана полицияға хабарласып, жағдайды баяндаған.

Осыдан кейін полицейлер облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары мен еріктілер тартып ауқымды іздеу жұмыстарын ұйымдастырды.

Нәтижесінде ер адам 6 мамыр, жұма күні күндіз Шажа өзенінің маңындағы таулардан табылды.

Оның бағыттан адасып алғаны, бес күн тауда қалып қойғаны белгілі болды.

Ер адам бұл уақытта өсімдікпен және ұсақ жануарлардың етімен қоректенген.

Құтқарылған Текелі тұрғынына алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң оның жағдайы тұрақтанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968510-tauda-osimdikpen-qorektengen-almaty-oblysynda-zogalyp-ketken-er-adam-bes-kunnen-son-tabyldy/

pixel