Қызылорда облысында атыс болып, 3 адам қаза тапты

Опубликовано:

суық қару
Көрнекі фото: pexel.com

Қызылорда қаласының шеткі аймағында бір топ адам арасында атыс болды. Бұған қатысты өңірдің полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Әлеуметтік желідегі парақшаларда қайғылы оқиғаның 7 мамыр күні 19.45-те болғаны, одан 3 адам көз жұмып, 2 адам жарақат алғаны айтыған.

Бұған қатысты Қызылорда облыстық полиция департаменті пікір білдірді.

Ведомство мәліметінше, Қызылорда қаласында болған атыс оқиғасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірынғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігімен тіркелген.

Қазіргі уақытта бұл факт бойынша тиicтi сараптамалар тағайындалып, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

"Басқа ақпарат тергеу мүддесіне байланысты Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етілмейді", - делінген облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968536-qyzylorda-oblysynda-atys-bolyp-3-adam-qaza-tapty/