Алматыда ҰОС қатысқан қазақстандықтарды еске алуға арналған шеру өтті

Опубликовано:

Батырларға тағзым
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандықтардың құрметіне "Батырларға тағзым" шеруі өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шеру 9 мамыр күні сағат 10:00-де Орталық мәдени және демалыс саябағынан басталып, 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағы дейін жеткен.

Батырларға тағзым
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматылықтар отбасыларымен Ұлы Отан соғысына қатысқан туыстарын еске алуға келген. Олар қолдарына ардагерлердің портретін ұстап шыққан.

Батырларға тағзым
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Бұл - менің әкем Федорин Василий Иванович. Ол Берлинге дейін жетіп, соғыстан үйге аман-есен оралды. Жыл сайын осындай шеруге қатысамыз, маған қатты ұнайды", - дейді қатысушылардың бірі Татьяна Нуждина.

Батырларға тағзым
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматының тағы бір тұрғыны еске алу шеруіне жыл сайын қатысатынын атап өтті.

"Біздің ата-анамыз Мәскеуден Берилинге дейін жеткен... Бұл бізге бостандық, өмір мен бейбітшілік берген әкелеріміз туралы ұлы естелік", - деді Мұхтар Әбдіғаппаров.

Батырларға тағзым
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Менің атам соғысқа қатысты. Ол 1942 жылы шақыртылып, Еуропаға дейін жеткен, бірақ мүгедек болып оралды. Мен бала күнімнен бастап, жыл сайын шеруге қатысамын", - дейді Азамат Ибашев.

Батырларға тағзым
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағына келгендер Мәңгілік алауға гүл шоғын қойған.

Батырларға тағзым
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968565-almatyda-uos-qatysqan-qazaqstandyqtardy-eske-aluga-arnalgan-seru-otip-zatyr-foto/