Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін елордада Жеңіс күніне орай отшашу шашылады

Опубликовано:

Отшашу
Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін, 9 мамырда елордада Жеңістің 77 жылдығына орай демеушілердің қаржысына ұйымдастырылған мерекелік отшашу болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ресми сайтында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 9 мамыр сағат 22:00-де отшашу Есіл өзенінің жағалауынан басталады. Отшашудың ұзақтығы 10-12 минут болады.

Сондай-ақ бүгін қала тұрғындары үшін концерт, қойылым түріндегі түрлі онлайн және офлайн іс-шаралар ұйымдастырылған.

Одан бөлек 9 мамыр күні Студенттер саябағында ардагерлер мен қала тұрғындарына арналған концерт өтеді. Сағат 14:00-ге дейін болатын мерекелік концертте сүйікті әндер шырқалады.

Сонымен қатар соғыс ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің, қоғамдық және жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарында жараланып қайтыс болған жауынгерлердің қабіріне, "Отан ана" монументіне және соғыс батырлары – Талғат Бегелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және басқа да ескерткіштеріне гүл, "Даңқ" гирляндаларын қою рәсімдері өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968569-bugin-elordada-zenis-kunine-orai-otsasu-sasylady/

pixel