Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында жоғалып кеткен 11 адам іздестіріліп жатыр

Опубликовано:

Жол
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау облысы Исатай ауданында жоғалып кеткен 11 адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ТЖД қоғаммен байланыс тобының хабарлауынша, Исатай ауданында көлікпен жолға шыққан 11 адам жоғалып кеткен.

"Бүгін, 9 мамырда сағат 10:50-де Исатай ауданында бір күн бұрын хабар-ошарсыз кеткен 11 адамды іздестіру қайта жалғасты. "УАЗ" маркалы автокөлігінің жүргізушісі мен 10 жолаушы 8 мамыр күні сағат 14:00-де "Ақмандай" учаскесіне бару үшін жолға шыққан.

Бұл учаске аудан орталығы – Аққыстау ауылынан 160 шақырым қашықта орналасқан. Алайда, жолға шыққан адамдар осы уақытқа дейін Аққыстау ауылына оралмағаны анықталды", - дейді ведомстводан.

Жоғалған адамдарды іздестіру жұмыстарына Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 4 қызметкері мен жол талғамайтын "ТРЭКОЛ" техникасы тартылды.

Іздестіру іс-шарасына Исатай аудандық полиция бөлімінің 1 қызметкері шықты.3931336

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968593-atyrau-oblysynda-zogalyp-ketken-11-adam-izdestirilip-zatyr/

pixel