Елордада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу видеоға түсіп қалды
Опубликовано:

9 мамырда елордада Жеңістің 77 жылдығына орай Есіл жағалауында мерекелік отшашу ұйымдастырылды. Видео Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми Instagram парақшасында жарияланды.
"Жеңіс күнімен" , - деп құттықтады жергілікті билік өкілдері.
Елордалықтардың сөзінше, отшашу аса әдемі болған.
"Отшашу үшін рахмет", "Өте әсерлі болды", "Бұл күні отшашу жасағандарыңызға рахмет", "Нағыз шоу болды", - деп жазуда тұрғындар.
Айта кетейік, бұған дейін әкімдік елордада Жеңіс күніне орай 9 мамыр күні сағат 22:00-де Есіл өзенінің жағалауында Жеңіс күніне орай мерекелік отшашу болатынын хабарлаған еді. Отшашудың ұзақтығы 10-12 минут.
Сондай-ақ қала тұрғындары үшін концерт, қойылым түріндегі түрлі онлайн және офлайн іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968612-elordada-zenis-kunine-arnalgan-merekelik-otsasu-videoga-tusip-qaldy/