Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Қасым хан бейнеленген мурал пайда болды (фото, видео)

Опубликовано:

Алматыда Қасым ханның муралы пайда болды
Фото: "Қазақфильм" баспасөз қызметі

Оңтүстік астанада Қасым хан бейнеленген мурал пайда болды. Ол Қабдолов және Өтеген батыр көшелерінің қилысында орналасқан Grand Park сауда кешенінің қабырғасына салынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аталған мурал Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының тапсырысы бойынша салынды. Бұл мәдени іс-шара режиссер Ақан Сатаевтың "Ұлы дала таңы" фильмінің прокатқа шығуына орай ұйымдастырылған.

Муралды жас суретшілер Карина Азимжанова және Гафура Қайырбекова салды. Олардың айтуынша, Қасым ханның бейнесін салуға бір апта және 120 дана баллон бояу кеткен екен.

Естеріңізге сала кетейік, "Ұлы дала таңы" тарихи фильмі 12 мамырдан бастап көрерменге жол тартады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968629-almatyda-qasym-xan-beinelengen-mural-paida-boldy-foto-video/

pixel