Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық ғалымдар сүйекті қалпына келтіруге арналған биоматериал әзірлеп шығарды

Опубликовано:

Медицина маманы
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандық ғалымдар сүйекті қалпына келтіруге арналған қолжетімді биоматериал-гидроксиапатит әзірледі. Білім және ғылым министрлігінің Жану мәселелері институтының ғалымдары жасап шығарған сүйекті алмастыратын материал шетелдік аналогтардан үш есе арзан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Биологиялық шикізаттан гидроксиапатит термиялық өңдеу, күйдіру, арнайы химиялық реакциялар жүргізу және посттермиялық күйдіру арқылы алынады. Біздің модификация барлық әдісті алуды жақсарту арқылы уақытты ұлғайту есебінен және жоғары температура режимін таңдау және тағы басқалардың есебінен жүзеге асырылады.

Нәтижесінде біз жақсартылған кристалдық құрылымы және өнімнің тазалығы жоғары (95%) сапалы материал алдық. Шетел компаниялары осындай жоғары сапалы икемді автоматтандырылған өндірістің 1 грамын шамамен 32 мың теңгеге сатады. Ал біздің материалдың бағасы 1 грамы үшін 10 мың теңге",дейді Жану мәселелері институтының ғалымы Зұлқайыр Мансұров.

Отандық биоматериал
Фото: Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі

Отандық гидроксиапатит сүйек ақауларын қалпына келтіруде, сүйек зақымдалған жараларда, сынықтарда, пластикалық хирургияда, яғни бет сүйектерінің пластикалық хирургиясында және тістерді имплантациялауда қолданылады.

"Гидроксиапатитпен қапталған имплантаттар кері реакция тудырмайды және сау сүйек тінімен белсенді түрде байланысып, регенерация мен оңалту процесін жеделдету қабілетіне ие екенін атап өткен жөн. Біздің отандық жоғары сапалы гидроксиопатит импорттық материалдарды оңай алмастыра алады", - деді Зұлқайыр Мансұров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968698-otandyq-galymdar-suiekterdi-qalpyna-keltiruge-arnalgan-qolzetimdi-biomaterial-azirlep-sygardy/

pixel