Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда 5 жасар қыз баланы ит қауып алды

Опубликовано:

Ит
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау тұрғыны 5 жасар сіңлісінің иттен зардап шеккенін хабарлады. Әйелдің сөзінше, үй жануары қыздың бетінен тістеп алған. Баланың жағдайы туралы облыстық балалар ауруханасының қызметкерлері айтып берді, деп хабарлайды Ақ Жайық басылымы.

Әйел агрессивті иттің бұған дейін де балаларына бірнеше рет шабуыл жасағанын, 7 мамыр күні кешке 5 жасар сіңлісінің бетінен тістеп алғанын жеткізді.

"Осы ит 2021 жылы 22 қарашада маған да шабуыл жасаған. Аяғымды тістеп алмақшы болды. Абырой болғанда тісі шалбарынан өтпеді", - деді Атырау тұрғыны.

Облыстық полиция департаменті бұл фактінің тіркелгенін мәлімдеді.

Ведомство дерегінше, иттің иесі жоқ.

Облыстық балалар ауруханасының мәліметінше, 7 мамыр күні сағат 19.20-да 5 жасар қыз баланың медициналық мекемеге түскен.

Кезекші дәрігер-травматолог қыз баланың бетінен жарақат алғанын, соның ішінде төменгі және жоғарғы еріндеріне иттің тісі батқанын хабарлады.

Сонымен қатар бүлдіршінге құтыруға қарсы вакцина салынып, жартылған терісі тігілген. Одан бөлек тұрғылықты мекенжайы бойынша бақылауда болуға кеңес берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968725-atyrauda-5-zasar-qyz-balany-it-qauyp-aldy/

pixel