Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дауыл, жаңбыр, бұршақ: Алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Жаңбырлы күн
Көрнекі фото: Pexels

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 12-14 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, батыс циклонның шұңқырына және атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты республиканың көп бөлігінде жаңбыр жауады.

Батыста, солтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 14 мамырға қарай еліміздің солтүстігінде және орталығында кейде қатты жаңбыр жауады деп күтілуде.

Сонымен қатар Қазақстан бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғып, жел күшейеді деп болжанып отыр. Ал оңтүстік-батыста, оңтүстікте шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Еске сала кетсек, бұған дейін "Қазгидромет" РМК мамандары мамыр айына арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.

Метеорологтардың дерегінше, мамырда елімізде күн құбылмалы болады. Яғни, ауа температурасы жоғарылап, кейде төміндеуі де мүмкін. Ал түнгі уақытта, тіпті үсік жүруі ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968726-dauyl-zanbyr-bursaq-aldagy-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel