Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігер Шумковтың өлімі бойынша ұсталған күдіктінің анасы алғаш рет мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Күдіктінің анасы
Видеодан кадр: КТК телеарнасы

Алматылық гастроэнтеролог-дәрігер Юрий Шумковты атып өлтірген күдіктінің анасы алғаш рет мәлімдеме жасады. Әйелдің айтуынша, ұлының жағдайы күннен-күнге нашарлап барады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаға сұхбат берген күдіктінің анасы тергеу изоляторында отырған ұлы жүріп-тұрудан қалғанын жеткізді. Ана ұлы сотқа жетпей өліп кете ме деп сары уайымға салынып отырғанын жасырмайды. Ал қағаз жүзінде тергеу изоляторында жатқан ұлының "денсаулығы қалыпты" дегендердің сөзіне ол сенбей отыр.

"Зілтемірмен әкеліп жолықтырады. Не тұра алмайды, не жүре алмайды, не тамақ іше алмайды. Дәретін, құсқан құсықтарының бәрін жанындағы адамдар төгіп қарап жатыр. Ал дәрігер қарайды дегені, олар қағаз жүзінде ғана қарап жатыр. Негізінде, балаға ешқандай ем қолданып жатқан жоқ. Себебі, "дәрігерді өлтірдің" дегендей, балама қарамай жатыр", - дейді күдіктінің анасы.

Күдіктінің анасы берген ақпаратқа сай, 35 жастағы ер адам үш баланың әкесі. Жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. Осыған дейін істі болмаған. Түрмеге отырса да, "о дүниеге аттанып кетпесін" деп шырылдаған ана жалғыз ұлының қараусыз өліп кетпегенін қалайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумковқа оқ тиіп, қаза болғаны хабарланды. Аса ауыр қылмыс 4 сәуірде таңертең Бостандық ауданында болған. Ақпарат "102" пультіне сағат 8:59-да түскен. Кейінірек Алматыда адам өлтірді деген күдікті ұсталған болатын. Бұл туралы Алматы Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлімдеген.

Сондай-ақ, дәрігер Шумков жұмыс істеген клиниканың директоры күдікті медицина қызметкерін 2 ай бойы аңдығаны туралы айтқан.

Клиника директоры Ләйлә Тәшенованың сөзінше, күдікті дәрігерге шабуыл жасауға дайындалған. Ол көлік тұрағына түнде келіп, дәрігерді күтіп отырған. Ал 4 сәуір күні таңертең оған қарудан оқ атқан.

"Пациент оны ұзақ аңдыған. Тергеушінің айтуынша, ол түнгі сағат 2-ден бастап сонда тұрған. Аңдып, көлігінің қай жерде тұрғанын да білген. Шамамен сағат 9-дарда осы оқиға болып отыр",- дейді Тәшенова.

Марқұмның әріптестері ұсталған азамат Юрий Шумковтың пациенті болғанын айтады. Ол дәрігер қабуылдауына үш рет келген, алғаш рет 1 ақпанда болған. Күдікті ас қабылдай алмай жүргенін айтқан, дегенмен тексеріс жасауға мүмкіндік болмаған. Алғашқыда ер адам зондты суырып алса, келесі күні пациентте өңеш спазмы туындаған. Нәтижесінде ол лорға жіберілген.

Ал Шумков эндоскопиялық зерттеуді тек үшінші реттен жасай алған. Артынша азаматқа емге қажетті дәрі-дәрмекті жазып берген. Ақ халаттыларлың сөзінше, Шумков пациенттермен үнемі тіл табысқан, ешқашан жанжалдаспаған.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968728-dariger-sumkovtyn-olimi-boiynsa-ustalgan-kudiktinin-anasy-algas-ret-malimdeme-zasady/

pixel