Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде жоғары сынып оқушыларына арналған мобильді қосымша әзірленеді

Опубликовано:

Телефон
Көрнекі фото: pixabay.com

Елімізде жоғары сынып оқушыларына мамандық пен ЖОО таңдауға мүмкіндік беретін мобильді қосымша әзірленеді. Бұл туралы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ресми сайтында хабарлады.

Орталықтың мәліметінше, қосымша жастарға республиканың оқу орындары, мемлекеттік және басқа да гранттық бағдарламалар туралы толық ақпарат алуға, сондай-ақ өңірлердегі бос жұмыс орындары туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді.

"Бізге талапкерлер тарапынан ЖОО, колледж сайттарына шағымдар көп келеді. Жастар өздеріне қажетті ақпаратты таба алмайтындығын, кейбір сайттардың құрылымы өте күрделі екендігін айтады. Осыны ескеріп, біз биыл жаңа қосымшаны әзірлеуді ұйғардық.

Онда еліміздің жоғары оқу орындары, колледждері, мемлекеттік және басқа да білім беру гранттары, стипендиялар, сондай-ақ аймақтардағы бос жұмыс орындары туралы ақпарат ұсынылады", - деді Қазақстан Студенттер альянсының президенті Ілияс Түстікбаев.

Оның сөзінше, қосымшаны әзірлеу мақсатында "Атамекен» ҰКП, Білім және ғылым министрлігі, университеттер, колледждер, білім басқармалары, өңірлердің жұмыспен қамту орталықтарының мамандарын жұмысқа тарту жоспарланып отыр.

"Біздің қосымшамыз жоғары сынып оқушыларына болашақ мамандығын, оқу орнын таңдауға көмектеседі деп ойлаймыз", - деді Ілияс Түстікбаев .

Жаңа қосымша мемлекеттік және орыс тілдерінде қолжетімді болады. Жобаны ұйымдастырушылар оны алдағы бір-екі ай ішінде іске қосуды жоспарлап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968737-elimizde-zogary-synyp-oqusylaryna-arnalgan-mobildi-qosymsa-azirlenedi/

pixel