Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстанда төрт адамға қасқыр шабуыл жасады

Опубликовано:

Ит құс
Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында ауылға қасқыр шауып, төрт адам зардап шекті. Оқиға 7 мамыр күні Шыңғырлау ауылдық округіне қарасты аудан орталығынан 15 шақырым жерде орналасқан Шоқтыбай елдімекенінде болды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Шыңғырлау аудандық ішкі саясат бөлімі ұсынған ақпаратқа сәйкес, 7 мамыр күні 21:30 шамасында Whatsapp мессенжерінде тұрғындар ауылда қасқыр жүргенін хабарлап, сақ болу керектігін ескерткен.

Итқұстың бірнеше тұрғынға шабуыл жасағанын естіген ер адамдар жиналып, іздестіріп, түзтағысының көзін жойған.

Зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін қасқыр аудандық ветеринарлық станция қызметкерлеріне тапсырылған.

Қасқырдың шабуылынан жарақат алған төрт адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі бала.

"Толық екпе салынған үш адам амбулаториялық ем алу үшін үйлеріне жіберілді. Қолы жарақаттанған жасы 50-лердегі әйел ауруханада жатыр. Зерттеу қорытындысына сәйкес олардың бәрі де емдеу курсынан өтеді. Оған қоса, қасқырмен байланыста болған тағы 6 адамға екпе салынды" , - деді Шыңғырлау аудандық аурухананың бас дәрігері Қылыш Жазықбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968748-batys-qazaqstanda-tort-adamga-qasqyr-sabuyl-zasady/

pixel