Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада үш адамды атып кетті: Алты күдікті қолға түсті (видео)

Опубликовано:

Тәртіп сақшысы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қызылордада үш адамды атып өлтірді деген күдікпен алты азамат қолға түсті. Сонымен қатар төртеуіне іздеу жарияланды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл жағдайға қатысты пікір білдірген Қызылорда облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді тергеу жұмыстарының алғашқы нәтижесін баяндады.

Оның айтуынша, күдіктілердің тұрғылықты мекенжайларынан айғақ зат ретінде бес қару-жарақ, бірнеше оқ-дәрілер, есірткі және жеті автокөлік алынған. Сонымен қатар тиісті сараптамалардың тағайындалғаны белгілі болды.

"Барлық қатысушының жеке басы анықталып, жәбірленуші тараптың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Жоғарыда көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар негізінде сегіз қылмыстық іс, яғни адам өлтіру бойынша – 2, бұзақылық бойынша – 2, қарудың заңсыз айналымы бойынша 3 іс және есірткінің заңсыз айналымы бойынша бір іс тіркелді", - деді Байжан Байгелді.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жан-жақты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қызылорда қаласының шеткі аймағында бір топ адам арасында атыс болып, салдарынан үш адамның қаза тапқанын жазған едік.

Әлеуметтік желідегі парақшаларда қайғылы оқиғаның 7 мамыр күні 19.45-те болғаны айтылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968751-qyzylordada-us-adamdy-oltirip-ketti-alty-kudikti-qolga-tusti-video/

pixel