Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде шаруаларға 400 мың тонна дизель отыны арзан бағада бөлінді

Опубликовано:

Дизель отыны
Көрнекі фото: pixabay.com

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге арзан бағада 400 мың тонна дизель отыны бөлінді. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов ОКҚ өткен брифингте хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау, көктемгі егіс жұмыстарын тұрақты жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің атына 400 мың тонна дизель отыны бөлінді. Осы жылдың ақпан-сәуір айларында 231 мың тонна жөнелтілді", - дейді Энергетика вице-министрі.

Оның сөзінше, осы жұмыстар бойынша тәулік сайын бақылау және мониторинг жүргізіліп жатыр.

Осы ретте Әсет Мағауов мұнай өңдеу зауыттарында дизельдің бір тоннасы 212 мың теңгені құрайтынын мәлімдеді.

"Көктемгі егіс жұмыстарына арналған дизель отыны бағасы мұнай өндеу зауыттарында тоннасы 212 000 теңге құрайды, литрге шаққанда 176 теңге", - деді ол Мағауов.

Сонымен қатар ол ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің электрондық-ақпараттық жүйедегі деректер базасы құрылатынын хабарлады. Бұл жұмыс Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп жүзеге асырылатын болады.

Вице-министрдің айтуынша, осының арқасында ауыл-шаруашылығы тауар өндірушілері үшін тікелей мұнай өндеу зауыттарынан дизель отынын алуға мүмкіндік тумақ.

Сағыныш Әлімбаева,

Нұр-Сұлтан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968758-elimizde-sarualarga-400-myn-tonna-dizel-otyny-arzan-bagada-beriledi/

pixel