Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында ер адамдардың арасындағы жанжал атыспен аяқталды

Опубликовано:

Атыс
Көрнекі фото: piqsels.com

Алматыда бірнеше ер адамның арасындағы жанжал атыспен аяқталды. Оқиға салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметіне сүйенсек, қаладағы ықшамаудандардың бірінің тұрғындары арасында кикілжің туындап, арты атысқа ұласқан. Алдын ала мәлімет бойынша, олар травматикалық тапанша қолданған.

Қазір күдікті ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды. Аталған жайт салдарынан 1973 жылы туған екі азамат зардап шеккені белгілі болды. Екеуі де жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Өз кезегінде Медеу аудандық ПБ бастығы Дәурен Өтебаев аталған факті бойынша жедел-тергеу тобы құрылғанын, қазір тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады.

Қылмыс құралы анықталып жатыр. Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігіне (Бұзақылық) сәйкес қылмыстық іс қозғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968776-almaty-oblysynda-er-adamdardyn-arasyndagy-zanzal-atyspen-ayaqtaldy/

pixel