"Қазақстан ЕАЭО-дан шығу туралы бастама көтерді": Желіде фейк ақпарат қызу талқылануда

Опубликовано:

Ту
Фото: eurasiancommission.org

Telegram мессенджерінде Қазақстанның ЕАЭО Кеден одағынан шығуға қатысты бастама көтергені жайлы ақпарат тарап жатыр. Хабарламада "Бұған Қазақстан мен Ресей арасындағы шешілмеген келіспеушіліктер себеп болды" делінген. Алайда бұл жалған ақпарат, деп хабарлайды StopFake.kz.

Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

"Қазақстанның жоспары" туралы ақпарат шындыққа жанаспайды" - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сонымен қатар хабарламада Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтан шығуды жоспарлап отыр деп мәлімдеген автор өзінің дереккөздеріне сүйенеді.

Бұл фейк ақпараттың белгілерінің бірі, өйткені дереккөзді анықтау және оны тексеру мүмкін емес.

Ресми порталдарда және БАҚ-та Қазақстанның ЕАЭО-дан шығу жөніндегі жоспарлары туралы ақпарат жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968780-qazaqstan-eaeo-dan-sygu-turaly-bastama-koterdi-zelide-feik-aqparat-qyzu-talqylanuda/