Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары өмірден өтті

Опубликовано:

Асхат Есеналиев
Асхат Есеналиев. Фото: instagram.com/yerzhan_zhilkibayev

Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Асхат Есеналиев өмірден өтті. Суыт хабар жайлы қала әкімі Ержан Жылқыбаев Instagram-дағы өзінің ресми парақшасында хабарлады.

"Таңертең келген суыт хабар тек мені ғана емес Асхат Қамқабайұлының жарқын бейнесін білетін барша жанды есеңгіретті.

Екі рет Тараз қаласы әкімінің орынбасары болған, талай қызметті абыроймен атқарған Асхат Қамқабайұлы өз саласының білгір маманы еді. Ел дамуына үлес қосар білімі мен білігі, қайсарлығы бар еді. Кеше ғана ашық-жарқын мінезімен ортамызда жүрген азамат туралы естелік айтудың өзі ауыр.

Жаратқанның ісіне амал бар ма?! Асхат Қамқабайұлының бейнесі жадымызда. Жақындары мен отбасына көңіл айтамын. Алды пейіш, арты кеніш болсын...", - деп жазады Ержан Жылқыбаев.

Асхат Есеналиев 46 жаста еді. Ол Жамбыл облысы Меркі ауданының тумасы. Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып 2020 жылы тағайындалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968791-taraz-qalasy-akiminin-buryngy-orynbasary-omirden-otti/