Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскемен әкіміне 159 мың теңге айыппұл салынды

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі фото: pexels.com

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омарға сот шешімін орындамағаны үшін 159 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өскемен әкімі мен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне қатысты іс облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралған.

Анықталғандай, Аблакетка кентінің тұрғындары қоғамдық көліктің кестеге сәйкес қатынамайтынына наразылық білдіріп, сот арқылы шағым түсірген.

"Әкімшілік іс тараптардың дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекіту арқылы қаралды. Сол келісімге сәйкес, жолаушылар тасымалына қатысты мәселелерді шешу үшін әкімдіктің жауапты бөліміне бірнеше міндеттер жүктелді. Ал сол міндеттердің орындалуын қала әкімі өз бақылауына алуға тиіс болған", - деп түсіндірді соттың баспасөз қызметі.

Яғни, әкімдік 16 наурызға дейін автобустардың уақытылы қатынауын қамтамасыз етуге тиіс еді. Алайда бұл міндет орындалмаған.

"Сондықтан ӘРПК-тің 127-бабы 5-бөлігіне сәйкес, қала әкімі мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөліміне 50 АЕК немесе 159 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ", - деп хабардар етті соттан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968804-oskemen-akimine-159-myn-tenge-aiyppul-salyndy/

pixel