Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтандағы оқиға: Үш жасар қыз баланың терезеге қалай шыққаны белгілі болды

Опубликовано:

Терезе
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті сегізінші қабаттан құлауға шақ қалған бүлдіршіннің терезеге қалай шыққанын анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Полиция мәліметінше, үш жасар қыз бала терезенің астына жұмсақ ойыншықтар мен жастықтарды жинап, терезеге шыққан.

"Кейін карнизден қолымен ұстап, ілініп қалған. Қуанышқа орай, жақын жерден табылған батыл әрі қамқор жігіттің арқасында оқиға сәтті аяқталды", - дейді құзырлы орган мамандары.

Тәртіп сақшылары бүлдіршіннің анасымен түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Сонымен қатар олар баланы бір сәтке де жалғыз қалдырмау қажет екенін тағы еске салды.

"Ешқашан балаларды қараусыз қалдырмау керек, балалардың ашық терезелердің жанында ойнауына жол бермеу қажет. Терезе тұтқаларын алып тастаңыз немесе арнайы құлпы бар тұтқаларды қолданыңыз, терезе бекіткіштері мен құлыптарын орнатыңыз", - дейді полицейлер.

Айта кетейік, бұған дейін елордада көп қабатты үйдегі пәтердің терезесінен құлауға шақ қалған үш жасар қыз баланы Сәбит Шонтақбаев есімді ер адамның құтқарып қалғанын жазған едік.

Кейін ер адам оқиғаның қалай болғанын өзі баяндап берді.

Сондай-ақ осы батыл әркеті үшін бүгін Сәбит Шонтақбаев "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен марапатталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1968846-nur-sultanda-us-zasar-qyzdyn-terezege-qalai-syqqany-belgili-boldy/

pixel